Мен балабақшада дене шынықтыру маманы болып жұмыс атқарамын. Мақсатым – бала-бақшадағы бүлдіршіндердің тазалық туралы білімдерін кеңейту, мәдени-гигиеналық дағдыларын пысықтау және жетілдіру, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстанып, күн тәртібінің сақталуы туралы білім беру, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сондықтан, баланың дене бітімінің дұрыс қалыптасуы педагог үшін басты міндет болып табылады. Соңғы уақыттарда балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде түрлі дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерді қолданамын. Балабақшада «Толағай отбасылық сайыс» тақырыбында ата-аналар мен баланың қатысуымен жарыстар ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат: ата-анамен балаға спорттық ойындарды ойната отырып,спортқа деген қызығушылығын арттыру. Денсаулық сақтау технологиясы баланың, қан айналымын жақсартады.Орталық жүйке жүйесін бірқатар ауруларды болдырмауға себепші болады.Мидың жұмысын арттырады.Тыныс алу жолдарын ашады. Мұрын мен дем алуды жақсарады. «Денсаулық – байлық қана емес, ол адам бақытының бастауы, тіршілік көзі, онсыз өмірді елестету мүмкін емес. Денсаулық – терең бақыт», — деп, Абай Құнанбаев айтып кеткен екен. Баланың денесінің дұрыс қалыптасып, дене бітімінің дамуына «қара жорға» биінің қимыл-қозғалысының да манызы зор. Балабақшадағы түрлі мерекелік іс-шараларда балалар “Қара жорға” биін билейді. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі салауатты өмір салтын ұстануға байланысты. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық.
Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.Денсаулық — зор байлық екені баршаға мәлім.