el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алғысын алып халықтың…

3 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Алғысын  алып халықтың…
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жасыл желек жамылған, айналасы мұнтаздай таза Мичурин ауылдық ауруханасы өзінің табиғи көрінісімен Түлкібас өңіріндегі ең үлгілі ауруханалардың бірінен саналады. Сондықтан да болар, ауруханадан гөрі шипажайға ұқсас бұл жерге дертіне шипа іздеушілердің қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Бас дәрігер Замира Оразбаева мен ардагер дәрігер, медицина саласының үздігі, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Жарылқап Бекжанов секілді қолдары жеңіл, емдері шипа ақ халатты абзал жандардың аттарына айтылып жатқан аудан тұрғындарының ризашылықтары шексіз. Олар бастары ауырып, балтырлары сыздай қалған жағдайда жылдың қай мезгілі болмасын, осында емделіп шығуға асығады. Мұнда сондай- ақ өз істерін жетік меңгерген мейірбикелер де аз емес. Солардың бірі- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы ТЖКББ факультетінің » мейірбике ісі» мамандығының 2016 жылғы түлегі Динара Тоқтарқызы Айтымбаева.
Аталмыш оқу орнын бітіре сала Мичурин ауылдық ауруханаға мамандығына сай жұмысқа орналасқан ол содан бері осында қызметін мінсіз атқарып келеді.
-Динара қарындасымның қолы жеңіл, екпені ауыртпай тамырды дәл тауып салатыны ұнайды, — дейді ауруханада ем қабылдап жатқан Ұрбұлақ ауылының тұрғыны Бағлан Жаңабаев Динара туралы өзінің жылы лебізін білдіріп, — Бір мен емес осы ауруханада жатқандардың барлығы оны жақсы көреді. Науқасқа қуат беретін жылы сөздері мен қолданған ем- домына адам сүйсінеді. Жүзінен мейірімділіктің ұшқыны үнемі алаулап тұратын оның алдағы еңбегіне сәттілік тілейміз.
Иә, халық айтса- қалып айтпайды дегендей бар қарым- қабілетін қызметіне арнап, өз мамандығына деген адалдығынан айнымай келе жатқан мейірбике Динара Айтымбаеваның медицина саласында атқарар ісі әлі алда деп ойлаймыз. Сәтін салса оның бұдан да биік межелерді бағындыра беретініне сеніміміз мол

Алдыңғы жаңалық

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ - бизнес пен билікті байланыстырушы көпір

Келесі жаңалық

ОҚУ ЗАЛЫНА ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі