Аурудың үлкен-кішіні елемей, кез-келген уақытта келетіні де рас. Иә, ақ халаттың өзі жеңіл болғанымен, ауыртпашылығы басым сала екенінің тағы бір айғағы осы жерде. Сондай сәтте ойымызға алғаш оралатыны, жәрдем сұрап, шипа күтетініміз де-осы дәрігер қауымы. Дүние есігін жаңа ашқан сәби шақтан еңкейген қарттық кезең арасында медицина қызметкерлерімен сан мәрте ұшырасатынымыз хақ. Сол себепті де ақ халатты абзал жандарға барша адамзаттың айтар алғысы шексіз. Өзге адамның денсаулығы үшін еңбек етіп, ыстық ықыласы мен аялы алақанын ұсына білетін ақ халаттылардың еңбегі ерен. Ауданда ел алғысына бөленіп, халық игілігі үшін еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандар баршылық. Дертіне дәру іздеген жан аудандағы «Мед Алатау» медициналық орталығына жүгінеді. Бүгінде бұл орталықты білікті дәрігер Ақшалов Алмасбек Балтабайұлы басқарады. Өмірін халықтың сапалы өмір сүруіне арнап жүрген ел ағасын танымайтын Түлкібастық жоқ шығар. Оның қолынан қанша науқас емделіп, өмірге қайта келгендей болады. Алмасбек ағаның аты атала қалса, ел қосқостап құрмет көрсетіп, алғыс пен ризашылық білдіретіндер қатары көп. Осыдан-ақ Алмасбек ағаның кез –келген емделушінің жүрегінен орын тапқан сүйікті дәрігер екенін байқауымызға болады. Еңбекке адал, ісіне үлкен ептілікпен қарайтын Алмасбек аға зейнетке шыққаннан кейін жаңаша кәсіпті дөңгелетіп, ел игілігі жолында жұмыс істеуде. Дәрігер болуды арман ететіндер өте көп. Алайда, екінің бірі адам жанының арашасы болып, ақ халатты абзал жан атана алмасы анық. Ол үшін дәрігерлік қызметке деген қызығушылық пен мамандықты игеру жеткіліксіз. Білікті дәрігер болуға адам өміріне жауапкершілік, ерекше құлшыныс пен күнделікті ізденіс, біліктілікті арттырып отыру маңызды. Медицина маманына үлкен жүректілік те аса қажет. Бұл жүректілікті біздің бүгінгі кейіпкеріміздің бойынан көре аламыз.
Ақшалов Алмасбек Балтабайұлы 1957 жылы 25 наурызда дүниеге келіп, Абай атындағы орта мектебін 1974 жылы тәмамдайды. Болашақ мамандығын таңдауы өмір жолындағы ең маңызды шешімдердің бірі екенін біліп, мектепті аяқтай сала медициналық мамандықты таңдап Алматы қаласындағы медициналық институына оқуға түседі. Дәрігер мамандығы адамгершілігі мол, өзгеге көмектесу- ақ ниетті, жаны таза адамның ісі деген ниетпен оқуында озат болып, «Педиатр» мамандығын бітіріп шығады. Дәрігерлер ең алдымен адамға жақсылық әкеледі деген оймен Түркістан облыстық балалар ауруханасында жұмыс атқарады. Дәрігер тез шешім қабылдай білуі керек және бұл шешім үшін жауапкершіліктен қорықпауы керек деген ұранмен 1985 жылдан бастап өзінің туып өскен ауданға келіп жұмысын бастап кетеді. Сондай-ақ, дәрігер ізденімпаз және еңбекқор болуы керек, қолдану үшін үнемі білімін кеңейтуі керек деген мақсатта екінші мамандықты игеруге бел буып, 1990 жылы Новокузнецктегі ГИДВ Лор мамандықтың иесі атанады. Оқуын тәмамдап Лор дәрігері болып ауданда қызметін жалғастырады. Медицина әрқашан адам қызметінің танымал саласы болды, еңбегі бағаланып жұмыс сатысында жоғарылап, аудандық аурухананың бас дәрігері болды. Содан 2015 жылы Кентау қаласына бас дәрігер қызметіне ауыстырылады. Бірнеше жылдар аталған қызметте жасап, 2020 жылы зейнетке шығады. Қазіргі таңда «Алатау» медициналық орталықтың бас дәрігері қызметінде жұмыс атқаруда. Түлкібас ауданының Құрметті азаматы. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты байлығы. Сондықтан әрбір тұрғын өз денсаулығына бей-жай қарамауы керек. Аурудың алдын алу өте өзекті. Дегенмен денсаулығына салғырттық танытатын тұрғындар да жоқ емес, – дейді Алмасбек Балтабайұлы.
«Мед Алатау» медициналық орталығы Түркістан облысы, Түлкібас ауданының әдемі жерінде, Алатау мен Қаратау тауларының тоғысқан жерінде орналасқан, халық саны 100 мыңнан асады. Биыл аталмыш мекемеге 9 жыл. Елімізде маусымның әр үшінші жексенбісі-Медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Осыған орай, ауданымыздағы белді емханалардың бірі «Алатау» медициналық орталығы жайында тілге тиек етсек. Компанияның миссиясы формальдылық емес. Әрбір пациент пен қызметкердің табысуы кездейсоқ емес екенін, бұл дұрыс принциптердің, табысты стратегияның, әрбір қызметкердің қосқан үлесінің нәтижесі. Осы емханадағы әрбір дәрігерінің еңбегі. «Мед Алатау» медициналық орталығының мақсаты-халықты сауықтыруға көмектесу, адамдардың өз денсаулығына ұқыпты қарауы және алдын алу үшін уақтылы медициналық көмекке жүгінуі қажет екенін түсінуін қалыптастыру.
Сондай –ақ орталық 2015 жылы 15 қыркүйекте Түлкібас ауданында құрылды. Медициналық қызмет мемлекеттік лицензия арқылы жүргізіледі. 2016 жылдан бастап клиника стационарды алмастыратын медициналық көмек және АӨГ (амбулаториялық бағдарламалық гемодиализ) нысаны бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмысын бастады. «Мед Алатау» ЖШС Түлкібас ауданындағы алғашқы жеке клиникалардың бірі болып табылады. Медициналық орталықта жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсету және қамтамасыз ететін заманауи техникалармен жабдықталған. Оның ішінде тіркеу бөлімі -дәрігерге дейінгі көмек кабинеті, жалпы тәжірбие дәрігер кабинеті,жайлы кабинеттер мен палаталар, функционалдық диагностика кабинеттері (УДЗ, ЭКГ, ЭХОКГ, рентген), физиотерапия кабинеттері, зертхана, дәстүрлі емес медицина кабинеттері (фитотерапия, хирудотерапия, рефлексотерапия, массаж), жаңа жабдықтар мен жабдықталған гемодиализ бөлімшесі, жоғары білікті кадрлар, және тиімді орындар қарастырылған. Соның ішінде Шымкент қаласындағы Гемодиализ орталықтары мен «Мед Алатау» ЖШС амбулаториялық-емханалық қызметі пациенттерге кәсіби сапалы медициналық көмек көрсету үшін құрылған. Барлық бөлімшелер бойынша қызметкерлер таңдалды. Оқыту және персоналдың біліктілігін одан әрі арттыру жоспарлануда. Орталықты жарақтандыру компанияның өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Неврологиялық қызметте тәжірибесі бар компания ретінде Түркістан облысының шалғай аудандарында толыққанды өмір сүру, денсаулық сақтауды дамыту және өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында гемодиализ пациенттері үшін медициналық қызметтердің едәуір көлемін ұсыну жоспарлануда. Өзінің барлық қызметі барысында медициналық орталық өзін қаржылық жағынан тұрақты және сенімді медициналық қызмет көрсетуші ретінде көрсетті. Халыққа қызмет көрсету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі — ТМККК) және тегін медициналық көмектің міндетті көлемі (бұдан әрі — МӘМС) шеңберінде жоспарланады. Қазіргі таңда «Мед Алатау» ЖШС медициналық ұйымында емделушілер саны артуда және Азаттық ауылында сәуір айында №5 аймақтық бөлімшесі ашылды.
«Мед Алатау» медициналық орталығы құрылғаннан бері көптеген өзгерістер болды. Ашылу процесі ұзақ және күрделі болды, қызметкерлер саны 10 адамнан аспады, бірақ алғашқы клиенттерге, көшпелі кәсіби тексерулер болды. 2016 жылы Мемлекеттік бағдарламалар аясында халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсету мүмкіндігі пайда болды, күндізгі стационар ашылды. Біз сапаға, жайлы ортаға ерекше назар аударамыз және келесі жылдары осы режимде жұмыс істейді.
Сондай-ақ, қызметкерлердің ішкі штатын ұлғайта отырып, қымбат құрал-жабдықтар сатып алып, дәрігерлерге, мейірбикелерге, кіші қызметкерлерге оқыту жиі жүргізіліп отырады және орталықтың мүмкіндіктерін кеңейтуді және оңтайландырады. Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам адам өз денсаулықтарын осы орталыққа сеніп тапсырған. Емхана ұжымы қан айналымы жүйесі ауруларын, қант диабетін, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау тұрғысынан міндетті профилактикалық және скринингтік іс-шараларды өткізу бойынша үнемі жұмыс істейді, салауатты өмір салтын қалыптастырумен, әлеуметтік мәні бар ауруларды және созылмалы жұқпалы емес ауруларды диагностикалаумен, емдеумен және оңалтумен айналысады.
Қазіргі таңда «Алатау» медицина орталығының емделушілерінің 90 пайызға жуығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды пайдаланады. Бұл – МӘМС-тің денсаулық пен қаражат жағынан тиімділігінің дәлелі. Тұрғындар арасында жұмыссыз немесе үйде бала күтімімен отырған азамат немесе азаматша болса медицина қызметін тек ақылы түрде ала-алады деген жалған ақпарат тараған. Ол қате түсінік. «МӘМС туралы» Заңға сәйкес қорға азаматтардың 15 санаты жарна төлеуден босатылады. Олар: балалар, көп балалы аналар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар, интернаттық ұйымдарда білім алатын және тәрбиеленетін адамдар, күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын тұлғалар, бала тууға, бала асырап алуға байланысты демалыстағы адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ үш жасқа толғанға дейін баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар, зейнеткерлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар, уақытша ұстау изоляторларында және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар. Бұл дегеніміз, егер сіз жоғарыда аталған санаттағы азамат немесе сақтандыруды өзіңіз төлеп жүрген болсаңыз «Алатау» медициналық орталығында тегін қызмет алумен қатар ақшаңызды үнемдейсіз.
Мекеме кәсіби білім мен дағдыларды үздіксіз жетілдіруге ұмтылады. Қызметкерлердің білімі мен тәжірибесі максималды нәтижеге қол жеткізуге және заманауи емдеу әдістерін сәтті қолдануға кепілдік береді. Қәзіргі таңда «Мед Алатау» ЖШС медициналық ұйымында емделушілер саны артуда және Азаттық ауылында сәуір айында №5 аймақтық бөлімшесі ашылды. Кез-келген медициналық ұйым үшін ең қиын нәрсе-бұл өз қызметін бастау, бірақ бәсекеге қабілетті болуға және халыққа ең жақсы сапалы қызмет көрсетуге құқылы екенін дәлелдеу одан да қиын. «МедАлатау» қиындықтарға қарамастан сәтті жеңетінін, жоспарланғанға қол жеткізе алатынын бірнеше рет дәлелдеді. Қажырлы еңбектің және ұжымның үнемі өсіп, дамып келе жатқандығының арқасында халықты сауықтыруға көмек көрсету мақсатына сенімді түрде жұмыс жасауда және Түркістан облысы бойынша жетекші медициналық орталық болуды жоспарлап отыр. Бізде көздеген мақсаттарыңызға тездетіп жетулеріңізге тілекшіміз.
Естеріңізде болса, бұл мереке 1998 жылдан бері Президент бекіткен жарлық бойынша жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Осыған орай, ауданымызда беделді, абыроймен қызмет атқарып жүрген «МедАлатау» ЖШС медициналық ұйымының мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Өз өмірлеріңізді медицинаға арнай отырып, адамзаттың өмірін сақтап қалуда батылдық пен үлкен жауапкершілік таныта білдіңіздер. Осы мереке күні сіздерге мейірімділік пен зейіндеріңіз, еңбек міндеттеріңізді орындаудағы кәсібиліктеріңіз үшін алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге шын жүректен жұмыста табыс пен сәттілік, отбасыларыңызға амандық пен дендеріңізге саулық тілейміз!