el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Егін орағы қыза түсуде

20 августа, 2024
in Экономика
0
Егін орағы қыза түсуде
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биылғы жыл шаруалар үшін қолайлы жыл болып тұр. Көктемгі жаңбыр молынан жауып, егін бітік шықты. Осы сәтті шаруалар тиімді пайдаланып, егілген егіннен мол өнім алуды мақсат етіп отыр. Аудан шаруалары да мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді барлық мақсатта пайдаланып отыр – дейді аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Еркебаев.
Жалпы биылғы жылы Түлкібас ауданында 24 мың гектарға масақты дәнді-дақылдар егілген. Оның ішінде, 15,4 мың гектарға бидай, 8,6 мың гектарына арпа. Қазіргі таңда бұл дақылдардың 12,5 мың гектары орылып, осы уақытқа 29,8 мың тонна өнім жиналған. Бидайдың өнімділігі орта есеппен гектарына 25-30 центнерді, арпаның өнімділігі гектарына 22 центнерді құрайды.
Күре жол бойындағы Жаскешу ауылдық округіне қарасты «Борсықсай» шаруа қожалығы да астық орағына комбайндарын түсіріп, алғашқы орымын бастады. Бүгінде 2 комбайн астық орағында жұмыс істесе, оның бірі Беларусь елінен шыққан «Лида 1300» комбайн алғаш рет пайдаланып отыр. Шаруашылық басшысы Д.Мылтықбаев басқаратын шаруашылықта 300 га жер қорымы бар. Жаз мезгілін тиімді пайдаланып, егінді уақтылы жинап алуды шаруашылық жоспарлап отыр.
Суретте: аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлім басшысының орынбасары А.Төлепбергенов пен «Борсықссай» шаруа қожалығының төрағасы Д.Мылтықбаев және комбайнерлері.

Алдыңғы жаңалық

Заманауи мұғалімнің келбеті

Келесі жаңалық

БОЛМАСЫҢЫЗ ДА ДӘЛ БҮГІН БІЗДІҢ ЖАНЫМЫЗДА, ЖЫЛЫ СӨЗІҢІЗ БЕН ТӘТТІ КҮЛКІҢІЗ ЖАДЫМЫЗДА...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі