el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Саясат

АЭС жарқын болашаққа жол

2 октября, 2024
in Саясат
0
АЭС жарқын болашаққа жол
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі қайта көтерілді. Мәселені көтеруге мәжбүр еткен негізгі себеп елдегі энергетика тапшылығы болды. Нақты деректер бойынша, біз өндіргеннен гөрі көп тұтынамыз. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, жыл сайын электр энергиясы мен қуат тапшылығы арта береді. Есеп бойынша, 2024 жылдың аяғында электр энергиясын тұтыну оны өндіруден 1,6 млрд кВт⋅сағ асып түседі, келесі жылы да көрсеткіш осындай болады. ҚР бірыңғай энергетикалық жүйесінің 2023–2029 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгеріміндегі мәліметтерге сәйкес, алты жылда өндіру мен тұтыну арасындағы алшақтық 5,5 млрд кВт⋅сағ болады.

Энергетика министрлігінің 2035 жылға дейінгі болжамды аналитикалық құжаттары Қазақстанда осы уақытқа дейін тұтыну деңгейі 152,9 млрд кВт⋅сағ болатынын көрсетеді. Бұл көрсеткішті еліміздің барлық тұтынушылары 112,94 млрд кВт⋅сағ жұмсаған 2022 жылмен салыстырып көрейік. Жаңа энергетикалық нысандар қазіргі уақытта тек жобалық түрде бар екенін ескерсек, 35,4% (немесе 40 млрд кВт⋅сағ) айырмашылық. Ал егер қазір өндіріс көлемі тұтыну көлемімен шамалас болса (2022 жылы 112,86 млрд кВт⋅сағ), онда 2035 жылы ешқандай шара қолданбағанда, жұмыс істеп тұрған станциялар небәрі 89,1 млрд кВт⋅сағ энергия өндіреді. Болжамдық көрсеткіш қазіргіден әлдеқайда төмен, өйткені көптеген жұмыс істеп тұрған жылу электр станцияларында жабдықтардың тозуы жоғары, жылдар өте келе бұл қуаттардың бір бөлігі істен шығады.

Бұл «энергетикалық саңылауды» жабу үшін 11 жылдан кейін қуаты 2 ГВт болатын АЭС-тен бөлек, қуаты 5 ГВт болатын газбен жұмыс істейтін электр станцияларын, қуаты 2 ГВт ГЭС, қуаты 1,5 ГВт көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС және қуаты 6 ГВт-тан жоғары жаңартылатын энергия көздерінің әртүрлі нысандарын салу керек. Даму барлық бағытта жүруі керек, ал АЭС — ауқымды жоспарлардың бір бөлігі ғана. 2035 жылға дейінгі электр энергиясының болжамды тепе теңдігі осы уақытқа дейін атом өндірісінің үлесі 11,8%-ға жететінін көрсетеді, ал электр энергетикасындағы көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларының үлесі 66,7%-дан 40,2%-ға дейін төмендеуі тиіс.

Бақыт Смахова – «Демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Алдыңғы жаңалық

ҰСАҚ САУСАҚ МОТОРИКАСЫНА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

Келесі жаңалық

ӘЙГЕРІМ БАЙМЕШ: АЭС САЛЫНҒАН ЖАҒДАЙДА БІЗДЕ ДЕ КАДРЛАР БАР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі