el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

31 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРДЫҢ  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектігі бар жандарға деген қарым-қатынасымен айқындалады. Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында Президентіміздің Жарлығымен қазанның екінші жексенбісі «Мүгедектер күні» болып жарияланды.

Осы атаулы күнге орай «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Өмірді сүй» атты мәдени, әдеби-сазды мерекелік шара өтті.
Салтанатты шарада этномәдени орталықтарының және мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге өнерлі ерекше зәрулігі бар жандар сахнада өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.
«Қандай қиындық болмасын төзімділік танытып, мойымай, алға қойған мақсаттарына нық қадам басып жүрген Сіздер әр қашанда біздің мақтанышымызсыздар. Алдағы уақытта жақсылықтардың ғана куәсі болып жүре берулеріңізге тілектеспін. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт пен шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін» — деп Ербол Орманов шараның ашылу салтанатында өз құттықтауын жеткізді.
Концерттік бағдарлама барысында ерекше зәрулігі бар жандар ән айту, би билеу, ұлттық аспаптарда ойнау, өлеңді мәнерлеп оқу сынды өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Іс-шараға белсенді қатысқан жандар және ауданымызда қоғамдық жұмыстарға етене араласып жүрген мүгедектігі бар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетерлігі, 2024 жылдың 1 қазанына ауданда 5 534 мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұр, бұл ауданның жалпы тұрғындарының 5,2% құрайды.

Алдыңғы жаңалық

ӘЖЕЛЕРДІҢ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ АРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Келесі жаңалық

ДІНСІЗ МЕМЛЕКЕТ ТЕ, ҚОҒАМ ДА БОЛМАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі