el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

8 января, 2025
in Жаңалықтар
0
АРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс ауылдық округі әкімі О.Сатыбалдиев және ардагерлер кеңесі төрағасы мен мүшелері тыл ардагері Панченко Николай Макаровичтің мерейлі 90 жасқа толуымен құттықтап, шаңырақтарына арнайы барды. Николай Макарович — ұзақ жылдар бойы Киров колхозында механизатор қызметін атқарып, округтің дамуына өзіндік үлесін қосқан ардагер. Туылған күні қарсаңында округ әкімінің бастауымен ерекше құрмет көрсетіліп, салтымызға сай иығына шапан жауып, ізгілік танытты. Сонымен қатар, ардагердің жұбайы Панченко Галина Николаевнаны да жаңа 2025 жылдың келуімен құттықтап, округ әкімінің атынан Алғыс хат табысталды. Қос қарияның көңілі балаша қуанып, ерекше алғыстарын білдірді. Округ әкімі мен ардагерлер алқасының көрсеткен құрметі оларды бақытқа бөлегенін жеткізіп, ақ баталарын жаудырды.
«Батаменен ер көгерер» демекші, алдыңғы буынды ардақтап, ардагерлерді қуантуға асыққан ынтымағы бекем, ауызбіршілігі ажырамаған округтің жасаған игі ісі көп жандарға үлгі болса демекпіз. Қарты бар елдің қазынасы да, берекесі де көп. Қарияларды құрметтеп, амандығында ақ батасын алып қалғанға не жетсін?!

Алдыңғы жаңалық

ГРАНТ ҰТЫП, КӘСІП АШТЫ

Келесі жаңалық

Түлкібастағы жағдай тұрақталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі