el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ГРАНТ ҰТЫП, КӘСІП АШТЫ

30 декабря, 2024
in Экономика
0
ГРАНТ ҰТЫП, КӘСІП АШТЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кәсіптің көзін тауып ерінбеген адамға Құдайдың сыйы болады демекші, Түлкібас ауданында түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, кәсібін дөңгелетіп отырғандардың саны күннен күнге артуда. Соның ішінде түлкібастық көп балалы ана, тігінші Базарбаева Айжан – осындай кәсіпкерлердің жарқын мысалы. Ол өз ісін мемлекеттік қолдаудың арқасында жолға қойып, бүгінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Айжан 14 жасынан бастап тігіншілікпен айналысып жүр. Ол отбасы бесігін тербетумен қатар бүгінде кәсіби тігінші атанған. Базарбаева Айжан Тоқтабайқызы 2024 жылдың маусым айында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында “Мемлекеттік қайтарымсыз грант” алған болатын. Қазіргі таңда бизнес жобасына сәйкес «Тігін шеберханасы» кәсібін өрбітіп отыр. Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы, Ақ алтын ауданында дүниеге келген кәсіпкер ешқандай тігінде оқымаған. Марқұм әкесі тігінші болған, қаннан келген өнер деп біледі. Мемлекеттік грантқа қатарынан үш жыл қатысып, биыл 2024 жылы Алланың бұйырғаны болды деп қуанышын бөлісті.

Тігін ісі қажырлы еңбекті қажет ететін кәсіп екені белгілі. Айжан Тоқтабайқызы тігіннің барлық түрін тігумен танымал. Бұдан бөлек ол түрлі оюлы сәукелелер мен сәнді тойбастарларға және заманауи көрпе-жастықтарға да тапсырыс алып, құрақ тігіп, көбінесе мектеп оқушыларының киіміне тапсырыс түсіп, тұтынушыларының сеніміне ие болып отыр. Оның ісмер қолынан шыққан дүниелерге деген қызығушылық артып, тапсырыс көлемі жыл өткен сайын өсіп келеді.
«Ол – үлгілі келін, қамқор ана. Отбасында 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр. Бұл жауапты міндетпен бірге ол өзінің тігіншілік кәсібін тастамай, керісінше, оны одан әрі дамытуға үлкен күш салып келеді. Ананың еңбексүйгіштігі мен табандылығы қазіргі қоғамдағы көптеген кәсіпкерлерге үлгі»,- дейді кәсіпкердің тұрақты тұтынушысы Әсел Нұртасова. Қазір құрақ тігіп жатқандар қатары көп, дегенмен сіз жасаған бұйымдардың ерекшелігі қандай деген сауалымызға кәсіпкердің жауабы былай болды.
«Құрақ тігу оңай жұмыс емес. Ол үшін ең алдымен математика жағын білуің керек. Өлшемі жақсы шығу үшін бәрін дұрыс есептей білу керек. Кейбір тігіншілер дұрыс есептей білмегендіктен, оюдың бір ұшы кем түсіп, қисық болып кетіп жатады. Бұйымды тігіп жатқанда оның әр бөлшегінің ұсақ-түйегіне дейін өлшеммен, әдемі үйлесімде болуына мән беремін. Егер қай жері дұрыс болмаса ол адамды тартпайды. Түс таңдауға да үлкен мән беремін. Яғни қандай зат жасасам да оның түсі, технологиясы, дизайны, орындау сапасының сапалы болуын қадағалаймын. Соңында әдемі етіп фотоға түсіремін. Оны әлеуметтік желіде пост жазғанға пайдаланамы. Сондай-ақ арнайы жарнама жасамай-ақ бір адамға тапсырысты жақсылап жасап берсең, ертең ол тағы екі адам алып келеді. Ұзын құлақ дейміз ғой, сол бір адамнан екіншісіне тарап отырды. Бастысы, адаммен дұрыс қарым-қатынас жасай білу. Әр сатып алушыма кәсібіміздің жүруіне азда болса үлес қосқаныңыз үшін рахметімді айтып отырамын. Адамдарға қайырыммен қарағанның арқасында қазір үлкен клиенттер базасы құрылды. Олар жүрген жерінде маған жарнама жасап жүреді. Одан бөлек не тіксең де сүйіспеншілікпен жасау керек. Жақсы энергетикаңды бере отырып орындасаң, соны клиенттер де тез қабылдайды. Әр заттың өз энергетикасы болады, егер ол жақсы болса адамды өзіне тартып тұрады», -дейді жылы шырайлы кейіпкеріміз Айжан Базарбаева.
Сондай-ақ тігетін тігін маталардың түрі екіге бөлінеді. Біріншісі омартизацияға иекемделіп жасалады. Мысалы, жамылғыларға адамдар отырғандықтан үйкеледі. Міне соған төзімді, жыртылмайтын мықты матаны қолданады. Қытай елі, Еуропа, Америкаға сапасы мықты мата шығарады, ал ТМД елдеріне дәл сол дизайндағы материалды нашарлау етіп өндіреді. Сол үшін, Америка, Еуропаға арнап шығарған матаны сатып алуға тырысады кез келген тігінші. Оның бір метрі 8 мың теңгеге дейін барады. Ал, бір көрпеге 12 метрге жуық мата жұмсалады. Бұл көрпенің өз бағасы 80-90 мың шамасында болады деген сөз. Ал, сапасы төмендеу матаны көбінде қабырғаға ілетін бұйымдарға пайдаланады. Өйткені, оның үстіне ешкім отырмайды, бір рет іліп қойсаң болды, көпке дейін тұра береді. Бес баланың анасы болып, үй тірлігімен қоса осы кәсіпті алып жүрген мықты ана. «Негізі жан жарым үлкен қолдау, сүйеу болып отыр. Күйеуім қандай жағдай болмасын мені алға шабыттандырып, «Айжан, сен не айтсаң да менің қолдайтынымды білесің ғой»,-деп сүйеніш болып қолдау білдіреді. Осының бәрі алдымен Алланың несібесімен және жолдасымның арқасы»-дейді кәсіпкер.
Кәсіпкердің алға қойған жоспарлары көп. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан тағы қолдау көрсетілсе өз кәсібін кеңейтіп, осы бағыттағы жұмыстарын әлі де дамытқысы келетін айтады. Қазақ халқында ісмерлік – ұшы-қиыры жоқ өнер. Қазақы ұлттық нақышты дамыту әрбір қазақ аруының қолынан келетін іс. Сол арқылы тынбай еңбек етіп, оның нәтижесін көру — бір бақыт! Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз» деп адал еңбектің басты құндылық екеніне ерекше назар аударған болатын.

Алдыңғы жаңалық

ТҰРАРДЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ТҰРАР МЕКТЕБІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Келесі жаңалық

АРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі