el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТАЗАЛЫҚҚА МӘН БЕРГЕНІМІЗ ДҰРЫС

19 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТАЗАЛЫҚҚА МӘН БЕРГЕНІМІЗ ДҰРЫС
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысымен елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бұл күндері аудан жұртшылығы да қызу қолдап отыр.

Тазалық – табалдырықтан басталады дегендей бұл кезек күттірмес мәселеге әрқашан да жанашырлықпен қарап, оны жауапкершілікпен атқару – баршамыздың азаматтық парызымыз. Бәріміздің де төрт мүшеміз сау, ұзақ жасағымыз келетіні жасырын емес. Ал, тазалық – денсаулықтың басты кепілі екенін әрқашан да естен шығармағанымыз абзал. Сол үшін алдымен не істеуіміз қажет? Әрине, тазалық мәселесін ең бірінші қолға алуымыз керек. Қыстың қабырғасы сөгіліп, алдымызда күлімдеген көктем мезгілі келе жатыр. Сондықтан да, алда атқарар жұмыстарымыз да ауқымды болғалы тұр.
Қазір жасыратыны жоқ, ауданымыздағы кей бір мекемелердің, қоғамдық тамақтандыру орындарының, саябақтардың, сауда орындарының айналасының түрлі қоқыстарға толып, қалай болса солай шашылып жатқанын көзіміз шалып қалады. Өкінішке орай, мұндай көңілсіз көріністерді басқа да жерлерден еш қиындықсыз кезіктіре аласыз. Менің пайымдауымша тазалықты ең алдымен өзімізден бастағанымыз дұрыс. Ауылымызды таза ұстау, оны жасыл желекке бөлеу – біздің алға қойған басты міндетіміз болып табылады. Оған үлкен де, кіші де белсене араласса одан жақсы нәтиже шығары даусыз. Осындай тындырымды істер арқылы келешек ұрпақты тазалықты сақтауға тәрбиелей аламыз. Бұдан ұтпасақ- ұтылмайтынымыз анық, ағайын.
Сондықтан да барша аудан тұрғындарын күнделікті өз ауласын, көшелері мен ауылдарының айналасын таза ұстауға, осынау игілікті шараға белсене қатысуға шақырамын.
Мирсалы МИРАЗИЗОВ,
ардагер — ұстаз, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы.

Tags: денсаулықТабиғаттазалық
Алдыңғы жаңалық

Түлкібас ауданының әкімі Естібаев Асқар Сұлтанұлының аудан тұрғындарына ҮНДЕУІ

Келесі жаңалық

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі