el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас ауданының әкімі Естібаев Асқар Сұлтанұлының аудан тұрғындарына ҮНДЕУІ

17 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Түлкібас ауданының әкімі Естібаев Асқар Сұлтанұлының аудан тұрғындарына  ҮНДЕУІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қадірлі жерлестер, ардақты ағайын!
Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. байлықтарын қорғай білу әрбір адамның азаматтық борышы. Оны аялап, сүйе білу, өскелең ұрпаққа аманат етіп қалдыру баршаның міндеті деп білемін!
Қасиетті Түркістан облысының шығыс қақпасы, тоғыз жолдың торабы, қарт Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орын тепкен ауданымыздың әр тасы тарихтан сыр шертетін киелі мекен.
«Грейг» қызғалдағының отаны шырайлы Шұбайқызыл шоқысы, ауданымыздың ғана емес орта Азияның мақтанышы саналатын ғасырға жуық тарихы бар Ақсу-Жабағылыдай мемлекеттік қорығы, 100-ден астам бұлақтары мен сыңғырлап аққан Арыс, Машат, Көкбұлақ, Қайыршақты өзендері бастау алатын қасиетті мекенімізді күтіп баптау біздің азаматтық міндетіміз, борышымыз.
«Тазалық-оны сақтаған жерде ғана болады»-дейді, дана халқымыз. Осы ретте, 29 астам өзге этнос өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті, бір үйдің баласындай өмір сүріп жатқан ауданымыздың әр тұрғынын ауылымыздың тазалығына ат салысуға шақырамын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» деген болатын.
Осы орайда, игі бастаманы әр азамат өз үйінен бастап, аулалар мен көшелерде жүзеге асыруға, ауылдарда тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға үндеймін.
59 елді мекені бар ауданымыздың сай-саласы мен әр бір тасы біз үшін қымбат. Ал, оны күтіп-баптау бізге жүктелген жауапты міндет.
Тазалық – біз бен Сізден басталатынын ұмытпайық!
Туған жерімізді бірге көркейтейік!
Tags: Табиғаттазалықтарих
Алдыңғы жаңалық

«КІТАП AMANAT» -та халық жазушысы Мұхтар МАҒАУИННІҢ 85 жылдығына орай тарихи – танымдық кеш өтті

Келесі жаңалық

ТАЗАЛЫҚҚА МӘН БЕРГЕНІМІЗ ДҰРЫС

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі