el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«КІТАП AMANAT» -та халық жазушысы Мұхтар МАҒАУИННІҢ 85 жылдығына орай тарихи – танымдық кеш өтті

17 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
«КІТАП  AMANAT» -та халық жазушысы  Мұхтар  МАҒАУИННІҢ   85  жылдығына орай   тарихи – танымдық кеш өтті
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының «Кітап AMANAT» -ында Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, публицист, қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, тарихшы, дара тұлға Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Тарихтан тағылым тартқан» атты тарихи — танымдық кеші өтті.

Әдеби кешке зиялы қауым өкілдері, партия ардагерлері – А.Нұранов, С.Таңатбаев, Қ.Анашев, С.Қасымбек, С.Тоғысбаев, С.Абилмажанов, аудандық мәслихаттың депутаты О.Көлбаев, Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, аудандық кітапхананың қызметкерлері мен тұрақты оқырмандары қатысты.
Мұхтар Мағауин – тек жазушы ғана емес, ұлттың рухани қайраткері, Алаш мұрасын түгендеген тұлға. Ол өзінің шығармаларында қазақ халқының тарихын, азаттығын, рухын асқақтатып жазды. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына тереңірек үңіліп, оның мол мұрасын дәріптелді. Дөңгелек үстел барысында жазушының «Аласапыран», «Шақан шері», «Мен» атты өмірбаяндық шығармалары туралы Түлкібас аудандық орталық кітапханасының тұрақты оқырмандары сипаттама берді. Сонымен бірге, кеш қонақтары арасында Мағауин шығармалары жайында талқылау сұрақтары қойылып, арнайы дайындалған көрмеге шолу жасалып, халық жазушысының нақыл сөзімен аяқталды.
Кештен М.Мағауин шығармаларының ұлтымыз үшін қаншалықты маңызды екенін тағы да ұғына түстік. Жазушының қаламынан туған әрбір шығарма – ұлттың рухани қазынасы. Ендеше, Мағауин мұрасы мәңгі жасай берсін!

Алдыңғы жаңалық

«ЖАСТАР ОТАН ҚОРҒАУ ҮШІН ЖАЛТАРЫП ЕМЕС, ЖАЛЫНДАП ТҰРУЫ ҚАЖЕТ» аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, жұмылдыру бөлімше бастығы, майор Төлеген Бақытжан Есенәліұлы

Келесі жаңалық

Түлкібас ауданының әкімі Естібаев Асқар Сұлтанұлының аудан тұрғындарына ҮНДЕУІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі