el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛЕТІН БАЙҚАУ ӨТТІ

20 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛЕТІН БАЙҚАУ ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Аудандық «Домалақ Ана» ақ әжелер алқасының ұйымдастыруымен «Ата-әулеттің тірегі, әже- ұрпақтың жүрегі» атты тақырыпта байқау ұйымдастырылды. Жиынды аудан әкімінің кеңесшісі Марат Жанесен ашып берді. Ұрпақтар сабақтастығын дәріптей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, отбасылық құндылықтарды ұрпақ бойына жан-жақты қалыптастыратын тәрбиелі ұрпақтың ұлт мақтанышына айналатынын ұғындыру мақсатында өткен байқауға 5 ауылдық округтің әжелері қатысты. Олар 4 бағыт бойынша сынға түсті. Сайыстың талаптары негізгі тақырып бойынша көрініс сахналау, көнеден қалған құралдарды әзірлеу, салт-дәстүрлер негізінде жинақталған сұрақтарға жауап беру және қыз балаларға арналған әдемі әрі мағыналы өлеңдерді мәнерлеп оқу болды. Сәйкесінше әжелердің ғана емес ауылдық округтің өнерлі азаматтарынан құралған топты да қоса бағалау әділ қазылардың құзырында болды. Олар қара қылды қақ жарып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрікті анықтауға тырысты.
Жоғарыда аталып өткен турлардан сүрінбей өтіп, көремендер мен жанкүйерлердің көзайымына айналып жүлделі І орынды өзінің алғырлығымен, өнерлі һәм еңбексүйгіштігімен, жан-жақты ұйымдастырушылық қабілетімен Шақпақ баба ауылдық округінің әжелер алқасының төрайымы Оңласын Жарылқапова иеленді. Апамыздың бұл жетістікке жетуіне Шақпақ ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері мен мектеп ұстаздары және оқушылары себепкер болды. Жұмыла жұдырық болып, аз уақыт ішінде талай дүниенің түйінін тарқатып, әзіл шынын араластырып сахналық көрініс қойып, қолөнердің майын тамызып, сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беріп жеңіс тұғырынан көрінген ақ кимешекті әжемізге тек қазылар алқасы ғана емес залдағы барлық көрермен дән риза болды. Жүлделі орындарды иеленген әжелерімізді марапаттап сыйлықтарын табыстап болған соң әділ қазы мүшесінің төрайымы А.Телеуова қорытынды сөз сөйлеп, бірнеше кемшіліктерді тізбектеп берді. Аудандық әжелер алқасының төрайымы Гүлбүбі Ешенқұлова апайымыз сөз алып, кештің негізгі мақтасын, мәні мен мағынасын терең ұғындырып, әжелердің еңбектері үшін өзіндік алғысын жеткізді.
Аяжан МӘМЕТ
Tags: отбасыТәрбиеұрпақтар сабақтастығы
Алдыңғы жаңалық

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

АЛҒЫС АЙТУ - ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі