el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АЛҒЫС АЙТУ — ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

3 марта, 2025
in Жаңалықтар
0
АЛҒЫС АЙТУ — ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алғыс айту күні – келбетін көктегі күн сүйген, қасиетті жеріміздегі шынайы достықтың мекені атанған тәуелсіз Қазақстанның ірге тасын қалау жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының, ынтымағы мен татулығы жарасқан сан түрлі ұлттардың бір-біріне құрмет көрсететін күні. Бұл күн – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясы күні.

Президентіміз «Алғыс айту күні» туралы «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1-наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды кезінде өз туғанындай қабылдаған жергілікті қазақтарға Алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл мереке — бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн-мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын көрінісі болар еді деген болатын.
Халықтар достығының мерекесі, Алғыс айту күні ауданымызда да жыл сайын кең көлемде аталып өтіп тұрады. Табиғаты тамылжыған біздің өңірде қазіргі таңда 29 ұлттардың бастарын қосқан 106 339 халық тұрады. Оның 82 пайызын қазақтар құраса, әзірбайжандар-(5,8), өзбектер-(5,1), орыстар-(5,0), басқа ұлттар(2,0) пайызын құрап отыр. Осы күні достық пен татулықтың туы жоғары көтеріліп, түрлі мерекелік іс шаралардың тұсауы кесіледі.
Өткен жылы аудан көлемінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен этнос өкілдері тығыз шоғырланған кент, ауылдық округтерін аралап, болуы ықтимал шиеленістер ошақтарын анықтау мен алдын алу шараларына сараптамалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай тоғыз ауылдық округте ақпараттық-насихаттық топтармен бірнеше жұмыстар жүргізілді. Бұдан бөлек жыл барысында «Домбыра – ұлттың ардағы», «Түлкібасы әулиесі – тарих пен бүгінгі күннің рухани дәнекері», «Туған өлкенің тарихи жәдігері», «Көрісу күні – Амал мерекесі», «Сырлы жеңге-сұлу қыз» тағы басқа да өнер байқаулары, белгілі қоғам қайраткерлерімен, қаламгерлермен жылы жүзді кездесулер өз дәрежесінде өтті.
Бір сөзбен айтқанда, «Алғыс айту күні»- қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні. Бұл дегеніміз — ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрін сақтауға, сонымен қатар , мемлекеттік тіліміз бен әдебиетіміздің, мәдениетіміздің, ұлттық рухымыздың жаңаруына болашақта серпін берері сөзсіз.
Мақұлбек АМАЛОВ,
Қоғамдық келісім КММ-і Түлкібас аудандық филиалының басшысы.

Tags: патриотруханисалт-дәстүртарихұлт
Алдыңғы жаңалық

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛЕТІН БАЙҚАУ ӨТТІ

Келесі жаңалық

«Алпыспайдың – алпыс әзілінің» атты облыстық әзілкештер байқауы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі