el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Алпыспайдың – алпыс әзілінің» атты облыстық әзілкештер байқауы өтті

4 апреля, 2025
in Жаңалықтар
0
«Алпыспайдың – алпыс әзілінің» атты облыстық әзілкештер байқауы өтті
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түлкібаста әйгілі сатирашы, өнер майталманы Алпыспай Боранбайұлының 75 жылдық мерейтойына арналған ерекше бір шара өткізілді. «Алпыспайдың – алпыс әзілінің» атты облыстық әзілкештер байқауы ауданымыздың төрінде өтті. Бұл күн – тек Түлкібастың емес, күллі қазақ сатирасын сыйлайтын үлкен тұлғаның мерейтойы, өнерге деген құрмет пен ілтипаттың белгісі еді.
Тарихы терең Түлкібас жерінен шыққан, қазақтың сатира саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Алпыспай Боранбайұлының шығармашылығы көпшілікке таныс. Оның әрбір әзілінде терең ой, өткір пікір жатыр. Биыл 75 жасқа толып отырған жерлесіміздің мерейтойы құрметіне аудан әкімдігі осы салтанатты іс-шараны ұйымдастырып, оған зиялы қауым өкілдерін, аудан тұрғындары мен өнерсүйер қауым өкілдерін жинады.
Шараның ашылу сөзін сөйлеген аудан әкімі Асқар Естібаев Түлкібастың қасиетті топырағында туған, өз өнерімен ауданымыздың ғана емес, Алаш жұртының да атын шығарып жүрген жерлесімізді құттықтап, шапан жауып, мерейтойымен құттықтады. Ол Алпыспай Боранбайұлының шығармашылығын ерекше атап өтіп, дәстүрімізді дәріптейтін мұндай шаралардың маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мәдени шараның жалғасы байқауға ұласып, облыстың әр ауданынан келген өнерпаздар Алпыспай Боранбайұлының туындыларын сахналап, көрермендерді күлкі мен ойға батырды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Сайрам ауданына бұйырды. Ал Түлкібас ауданы бірінші орынға, Келес ауданы екінші орынға, Шардара мен Төлеби аудандары үшінші орындарға ие болды.
Бұл байқау Түлкібас топырағынан шыққан ұлы тұлғаның шығармашылығын жаңа қырынан танытты, сатираның күшін, оның қоғамдағы маңызды рөлін тағы да дәлелдеді. Әзіл мен өнердің бірігіп, сатираның терең мәнін көрсетуге арналған бұл кеш барша қатысушыларға, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.
Tags: мерейтойМәдениетТҮЛКІБАСөнер
Алдыңғы жаңалық

АЛҒЫС АЙТУ - ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Келесі жаңалық

«Жаңа өмірге қадам»: Пробациялық есептегі азаматтарға арналған форум өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі