el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жаңа өмірге қадам»: Пробациялық есептегі азаматтарға арналған форум өтті

4 апреля, 2025
in Жаңалықтар, Саясат
0
«Жаңа өмірге қадам»: Пробациялық есептегі азаматтарға арналған форум өтті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында көтерілген «Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру мақсатында аудандық Мәдениет үйінде «Болашаққа мүмкіндік – жаңа өмір» атты форум өтті. Бұл шара пробациялық есепте тұрған азаматтарға психологиялық қолдау көрсету, оларды қоғамға бейімдеу, отбасын құруына көмектесу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды.
Форумға жергілікті билік өкілдері, құқық қорғаушы органдардың қызметкерлері, зиялы қауым, ақпарат құралдары өкілдері және пробациялық есепте тұрған азаматтар қатысты. ҚМДБ Шымкент қалалық бас имамының орынбасары, дінтанушы, магистр Мұхамеджан Жамантайұлы, аудан әкімінің орынбасары Ербол Керімбекұлы, сондай-ақ Еркін күрестен Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы, Панкратион мен Джиу-Джитсудан әлемнің 4 дүркін жеңімпазы Акбар Елұбайлы форумда сөз сөйлеп, темір тордың ар жағында болған азаматтарға қоғам тарапынан көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Құқық бұзушылықтың алдын алу барша қоғамның ортақ міндеті екені баса айтылды. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды дұрыс жолға бағыттау – қоғамның басты жауапкершілігі. Форум барысында осы мәселелер бойынша жаңа идеялар мен бастамалар талқыланып, нақты шаралар ұсыну жолдары қарастырылды.
Tags: заңпрезидент жолдауыПрокуратуратәртіпқоғам
Алдыңғы жаңалық

«Алпыспайдың – алпыс әзілінің» атты облыстық әзілкештер байқауы өтті

Келесі жаңалық

«AMANAT» партиясының Түлкібас аудандық филиалында кезектен тыс конференция өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі