el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас: ҰОС-ның ардагеріне құрмет көрсетілді

13 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Түлкібас: ҰОС-ның ардагеріне құрмет көрсетілді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қасіретті Ұлы Отан соғысы жылдардағы қиын шақтардың азабын көрген ардагерлерге құрмет көрсету — азаматтық парызымыз.
Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек бастаған топ 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында соғыс ардагері Мұратәлі Төлепбергеновтың үйіне арнайы ат басын бұрып, Ұлы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтап, сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.
Уақыт зымырап өтіп жатыр, алайда бұл оқиғаның маңыздылығы ел есінен ешқашан кетпейді. Қаһарлы соғыста ата бабаларымыз от кешіп, ұрпағының тыныштығы үшін, бейбітшілік үшін елді қалай қорғағаны есімізде. Ауданымызда сұрапыл соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Ауданнан соғыс жылдары майданға 5770 адам аттанған. Солардың ішінен 4-і Кеңес одағының Батыры, 1-і Даңқ орденінің ковалері атағын иеленген. Майданға кеткен жерлестеріміздің жартысына жуығы қайтыс болған.
Бүгінгі күні оқ пен оттың ортасында өмір мен ажал арпалысқан соғыстан елге Ұлы Жеңіспен оралған майдангерлермен, сол жеңісті жақындатуға орасан үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің қатары жыл озған сайын сиреп барады. Міне, Ұлы Жеңістің 79 жылдығына ауданымыздағы жеңіс жауынгерлерінің 1-і ғана біздің арамызда. Десек те, қан майданда шейіт болған майдангерлердің рухтарына бас иіп, елге жеңіспен оралған ардақты ардагерлеріміз бен ерлікке пара-пар ерен еңбектің үлгісін көрсеткен тыл еңбеккерлеріне тағзым етеміз.

Алдыңғы жаңалық

МАДИЯР СЕРІКБАЕВ: «АУЫЛ ҚАРИЯЛАРЫНЫҢ БЕРГЕН БАТАСЫ БОЛАШАҒЫМА НҰР БОП ҚҰЙЫЛДЫ»

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАС: ПАЙ-ПАЙ, ШІРКІН, ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі