Аптаның сейсенбісінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің бесінші отырысы өтті. Өздеріңізге белгілі, аудандық Қоғамдық кеңесте күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойынша аудандағы мекеме басшылары әр отырыста өздерінің атқарып жатқан қандай да бір мәселені қоғам талқысына салып, бағыт-бағдар беріп, күрделі мәселелерді жұмыла шешуге атсалысады.
Қоғамдық кеңестің кезекті бесінші отырысының күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді. Жиында аудандағы экологиялық ахуалдары жөнінде сұрақ-жауап қызу талқылана түсті. Сондай –ақ ауданымыздағы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлім басшысының есебі тыңдалды. Азаматтықты, әлеуметтік жауапкершіліктегі қалыптастырудағы, рухани құндылықтарды насихаттау жөніндегі жұмыстары жайында, аталған төртінші мәселе Атамекен кәсіпкерлер палатасының атқарып жатқан жұмыстары ортаға салынып, оны шешу жолдары сөз болды. Отырысты кеңес төрағасы Мұхтарәлі Ибраимов қорытындылап, тиісті сұрақтарға жауап беріп, өтініш тілектерді тиісті орындарға жолдайтынын жеткізді.