Ауданымызда бірі білсе, бірі білмес «Шамшырақ» редакциясы жанынан «Шамшырақ» баспаханасы ашылып, үш жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келе жатыр. Аталмыш баспахананың ашылуы БАҚ қызметкерлері үшін, жалпы басылымға жақын оқырман қауым үшін де жүрек жарды қуаныш болды. Заманауи баспахананың газетті ғана емес, жарнамалық қызмет түрлері және кітаптарды басып шығару мүмкіндігі де бар. Баспа ісінің жұмысы алға басып, мамандар легі толықтырылған соң, редакция ауласынан тағы бір баспахана салынып, түрлі баспа өнімдерін шығарып, аудан халқын, мекемелерді қуантып жүр. Бұрын қалаға полиграфиялық қызмет үшін ағылатын жұрт енді біздің мекемеге келіп, тапсырысын алып, ойындағысына тез-ақ қол жеткізіп жүр десек те болады. Жаңадан бой көтерген баспаханаға жауапты маман болып Шымкент қаласынан келген білікті маман Сәлима Қуанышова бекітілді. Бүгінде заманауи технологиямен еркін жұмыс жасай алатын мамандармен толығып, Раушан Макашева, Гүлназ Акмалиева компьютердегі дизайн жұмыстарымен айналысуда. Ал, Асқат Алимов пен Бекдуалы Болат заманауи құрылғыларды меңгеріп, дайын болған дизайнды басып шығарумен айналысады. Олар біріге отырып, типография, полиграфия, кең көлемді басылым, мектеп пен балабақшаны соңғы үлгіде безендіру, жарнаманың барлық түрлерін сапалы, жылдам дайындауға мүмкіндіктері жетіп, аудан халқын пайдалы дүниелермен қамтамасыз етуде. Бұл қызмет түрінен басқа фразерлі кесу мен лазерлі ойып жазу ісі де қолға алынған. «Тапсырыстар түскен сайын, біздің жұмысқа деген ынтамыз ашыла түседі. Барынша білгеніміз бен түйгенімізді тәжірибе жүзінде іске асырып, үйренуге дайынбыз. Аудан халқын жаңа баспа өнімдермен, тиімді бағада қуантып, қызмет ету – біздің азаматтық парызымыз деп білеміз», — дейді баспахана мамандары.
«Шамшырақ» баспаханасы сіздерге мынадай қызметтер ұсынады:
КІТАП.
«Шамшыраққа 90 жыл», «Балалық шақтан болашаққа», Өміртай Қалықұловтың «Шамшырақта жанған шырақ», «Шәңке бастау» атты екі бірдей кітабы, Құрманбек Әмірбековтың «Өткен күндерде белгі бар» атты кітабы және әр түрлі жанрдағы кітаптар баспадан шықты.
ҚАБЫРҒА ТАҚТАЙШАЛАРЫ (СТЕНД).
Мектеп пен балабақшаларда қабырғаға ілінетін сынып бұрышы, пәндік кабинеттерді безендіру және мекемелерге арналған әртүрлі тақырыптағы қабырға тақтайшаларын жасау.
ФРАЗЕРЛІ КЕСУ МЕН ЛАЗЕРЛІ ОЙЫП ЖАЗУ.
Жер шарының картасы, ағаштан ойып жасалынатын кез келген бұйым түрі, тойбастарлар мен визитка, мата түрлерін тігуге дайын қылып лазерлі апаратта ойып беру қызметі және таптырмас ерекше сыйлық түрі «Жеті ата шежіресі» .
БАННЕР.
Ресми іс-шаралар мен жиындарда сонымен қатар сауда орындарындары мен дүкендерде, көше бойында ілінетін жарнамалық баннер, той жиында безендіруге арналған баннер жұмыстары.
ТИПОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ.
Визиткалар, блокноттар, күнтізбелер, құттықтаулар, шақырулар, кітапшалар, бейджиктер, алғыс хат, сертификаттар, мекеме бланктері, каталогтар, папкалар мен пакеттер, әртүрлі кескін мен кестелерді және киімдерге арнайы жазу мен статуеткалар қызметтерін ұсынады.
Баспахана қазіргі заман талабына сай толық цикілді болып табылады. Баспа өнімдеріне жоғары сападағы материалдар қолданылады. Өнім келісімді мерзімде дайын болады. Тек сіз жоспарлы мереке немесе іс-шарадан бірнеше күн бұрын әрекет етіп, тапсырыс берсеңіз болғаны. Себебі, сұранысқа ие болғандықтан кейбір жарнамалар уақыт тапшылығына байланысты 2-3 күн көлемінде дайын болады. Баспахананың арнайы @Shamshyraq_jarnama әлеуметтік желідегі парақшасына өтіп, сол жерден дайын жұмыстарды көруге болады. Ендеше, Құрметті оқырман, «Шамшырақ» баспаханасы сіздің жарнамаңызды күтеді. Бізбен бірге бір толқында болыңыз.