el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАРТ ДИҚАНДЫ БИЫЛ ДА АЛҚАПТАН КӨРЕТІН БОЛАМЫЗ

10 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚАРТ ДИҚАНДЫ БИЫЛ ДА АЛҚАПТАН КӨРЕТІН БОЛАМЫЗ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданына есімі кеңінен мәлім, қарт диқан, бақша өнімдерін өсірудің кәнігі шебері, 80 жастың сеңгіріне көтеріліп отырған Әжібай Сабуров ағамен арамыз біраз уақыттан бері үзіліп қалған еді. Жақында аудан орталығында өткен жеке кәсіпкерлердің басын қосқан алқалы жиында кездейсоқ ұшырасып қалдым. Жүрісі ширақ, қимылы әбжіл, қара торы өңінен ешқандай да абыржулық байқай қоймаған мен қариямен жылы амандастым. Қолы мұндай қарулы болар ма, қатты қысқан кезде қара жұмыс істеп көрмеген ақ саусақтарым езіліп кете жаздады…
Біз кездеспеген жарты жылдай уақытта Әжібай ағамыз талай жағымды жаңалықтарды бастан өткеріпті. 2023 жылдың соңында ол кісі «Үздік диқан» номинациясы бойынша Жыл адамы атаныпты. Еккен бақша өнімдері өткен жылы сауда орындарында тоқтаусыз өтіп, отбасылық табысы молая түсіпті. Еткен еңбегі еш кетпепті. Ол аз десеңіз үстіміздегі жылдың Наурыз мерекесі қарсаңында тынымсыз ағамыздың еңбегі жанып, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы атағына қол жеткізіпті. Бұл жағымды жаңалықтарды өз аузынан есітіп, қарт диқанды осы бір керемет жетістіктерімен құттықтап қойдым.
-Еңбегіңіздің жемісін көріп жатқаныңызға қуаныштымын, Әжеке! Ал, биылғы межеңіз қалай? Биыл да сізді бау-бақша алқабынан көре аламыз ба? Сіздің қолыңыздан шыққан қауын-қарбыздың шырын дәмін қашан татамыз?-деп қарт диқанға өзімсіне қалжың аралас сұрақ қойдым.
-Әрине,-деді Әжекең де іркілмей. –Еңбегімді бағалап, бар марапаттарды беріп, қуаттап — қолдап қарапайым диқанға деген қажетті көмектерін аямай көрсетіп келе жатқан жатқан аудан әкімшілігіне, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне, ауылдық округ әкімдеріне айтар алғысым шексіз. Құдай қуат беріп, денсаулығым сыр бермесе биыл да ата кәсібіміз болып табылатын диқаншылықты қолға алғалы отырмын. Сол жылда жұмыс атқаратын 10 гектар жеріме биыл да сұрыптары төрт түрлі дәмі балдай қауын-қарбызды, болгар бұрышы мен қызанақ, қиярлардың көшеттерін қондырмақпын. Одан бөлек жүгері, күнбағыс, жасымық, сонымен қатар малға азық болар жоңышқа егу де ойымда бар. Бірақ, биылғы ауа-райы өзгеше болып тұрған жоқ па? Көшет қондыруға қолайлы жайма шуақ мамыр айының күн ара сорғалап жауып тұрғаны — қол байлау болып тұрғанын көрмейсің бе? Қара топырақты болып келетін Түлкібас жерінің басым көпшілігі тау жақтағы бастау- бұлақтан басталатын болғандықтан сулары мұздай болады. Бақша көшеттерінің тамырлары ондай жағдайда үсіп кетпеуі үшін бетін жұқа пленкамен жауып, түнде емес, күндіз суғарған дұрыс. Мен мұны көп жылдық тәжірибемнен жақсы білемін.
Биыл диқаншылықты өз отбасыммен бірге, Құдайберген есімді ініммен де қоса атқаратын боламыз. Қорыта айтқанда, бақша дақылдарын қондыруға сақадай-сай әзірміз. Тек, ауа-райының ыңғайына қарап отырған жағдайымыз бар. Ал, жақсы інім, мен поляға кеттім. Су келетін арықтарды кеңейтуге кеше тракторшы жігіттермен сөйлесіп қойып ем. Бүгін бітіріп алмасақ, кейін кеш болады…
Той-томалаққа емес, адал еңбегімен Жер-ананың ризығын көруге асығып бара жатқан сексендегі Әжекеңнің алдына кесе-көлденең тұра алмадым. «Рахмет Әжеке! Құдай қуат берсін, өзіңізге! Еңбегіңіз жандана берсін!»- деп қарт диқанның артынан сүйсіне қарап, тұра бердім…

Алдыңғы жаңалық

Өзгерісті өзіңнен баста

Келесі жаңалық

ҚАЙЫРШАҚТЫДАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ФИЗИК – ҒАЛЫМ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі