Түлкібас аудандық мәслихатындағы «AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат С.Әлімқұловтан Рысқұл ауылының тұрғындары Рысқұл ауылы, Болашақ көшесіне жүргізіліп жатқан асфальт жөндеу жұмысының сапасын сынға алып, көмек сұраған. Осы ретте «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы жол сапасын жақсарту индикаторының орындалуын қадағалау мақсатында арнайы зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу жұмыстарына аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Б.Қуанышбеков, аудандық ТҮКЖКАЖ бөлімінің сектор меңгеруші Б.Ширинбаев, «Ресурс» ЖШС мердігері Ш.Мырзаханов арнайы қатысып, мәселенің шешілу жолын қарастырды. Тұрғындардың айтуынша «Болашақ» көшесінің жиегіндегі қиыршық тастар тым үлкен, кейін жарылып кетуі ықтымал. Сондықтан да оларды алып, майда қиыршық тастарды төсеу керектігін айтты. Одан бөлек ауылдағы Болашақ көшесі мен орталық көшенің қиылысында төселген труба сапасына көңілдері толмағандығын атап өтті. Кездесу барысында әрбір ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері назарға алынып, көшенің жиегіне майда қиыршық тастар төселінетін болып шешілді және «Болашақ» көшесі мен орталық көшенің қиылысында төселген трубаны қайта жасайтын болды. Аудандық мәслихаттың депутаты С.Әлімқұлов көтерген мәселелер жайында өз атынан сауал жолдайтындығын жеткізді.