el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Туған өлкем – ТҮЛКІБАСЫМ!

16 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Туған өлкем –  ТҮЛКІБАСЫМ!
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Белгілі ақын Әбдібек Аралбайұлы арамызда болғанда тамыз айында 80 жасқа келер еді. Түлкібастың тамаша табиғатын жырлап өткен ақынның рухын еске ала отырып, өзінің кіндік қаны тамған Түлкібас өңірі туралы өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Көкорай барлық жері өскен өркен –
Көркіңе көз сүйсінер қандай көркем!
Табиғаты ғажайып қай жер десең –
Бұл менің Түлкібасым – туған өлкем!

Алатау, Қаратаумен екі жақтап,
Жылуын, суын, нуын тұрған сақтап.
Ауаны қағып, сілкіп жаңартып тұр –
Табиғаттың тарағы – біздің Шақпақ!

Әрбір сайда аққайнар бастаулары,
Кәрі таулар бауырында жас баулары.
Өмір нәрі-ақ бидай, жеміс, жидек-
Ауданымның береке «астаулары».

Күзде де біздің өлке бейне мамыр,
Қайнаған қызу еңбек абыр-сабыр.
Түркісіб, Жібек жолым өтіп жатқан –
Континентті жалғаған күре тамыр.

Ақсу мен Жабағылым – түкті кілем,
Өсірген тек дәрілік шөпті кілең!
Ғаламды таңдандырған біздің қорық,
Өсімдік аң мен құстың көптігімен!

Майлыкентім — «жерұйық» шұрайлы жер,
Бал татыған қымызын сұрайды ел!
«Жері байдың елі бай» — дегені рас,
Бейнеткер халқы байлық құрай білер!

Оралар ұясындай қарлығаштың,
Сүйікті мекені бұл кәрі-жастың!
Цемент, әктің сарқылмас кені бізде
Қант шығар тасынан Түлкібастың!

Біз жақта ызғар болмас терістегі,
Қия – жайлау, егістік тегіс жері.
Базарлар мен бойында Жібек жолдың –
Толып тұр сан алуан жемістері!

Төбесінен төбенің бұлақ аққан,
Түркібасы әулием – мына жақтан!
Ауырып келгендерге шипа болып –
Апаттан, бәлелерден бағып-қаққан!

Шежіре дәуірлерді жалғап тұрған,
Ертеде ерлер жауды қан қаптырған.
Жер аттарын байқасаң дайын тарих,
Көп жердің атаулары «қалмақ қырған»!

Мейірін төгіп Алла қарасып тұр,
Даңқымыз көкке өрлеп таласып тұр!
Швейцария атанған Түлкібасым –
Қалай мақтап айтсам да жарасып тұр!
Әбдібек АРАЛБАЙҰЛЫ.

Алдыңғы жаңалық

АУЫЛҒА ЖАҢА ҚАҚПА ҚОЙЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі