el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

20 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Amanat» партиясы Түлкібас аудандық филиалының және Түркістан облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Түлкібас аудандық мансап» орталығы филиалының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінің кіші залында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындар білім саласы, денсаулық сақтау саласы және басқа да түрлі сала бойынша ұсынылды. 43 жұмыс орны білім саласынан, 19 орын денсаулық сақтау саласынан, 31 жұмыс орны басқа да түрлі жұмыс орындарынан ұсынылған. Білім саласы бойынша физика-математика, жаратылыстану бағыттары бойынша ұстаздар қажеттілігі болса, денсаулық саласында хирург, ревматолог, инфекционист, офтальмолог, отоларинголог. Трансфузиолог, фармоколог сынды дәрігерлер қажеттілігі байқалды. Ал, «Ақ- бұлақ» облыстық балаларды оңалту орталығында да менеджерден бастап асхана жұмысшысына дейінгі санаттағы қызметкерлерге сұраныс бар. Ауылдық округ аппараттарына да хатшы, аула сыпырушы, көлік жүргізушісі сынды қызметкерлер қажеттігілігі туындаған. «Стандарт цемент» ЖШС, «МұнайҚұрылысСрвис» ЖШС, СПК «Майлыкент Сүт» зауыты мен «БАТ.К» ЖШС-де түрлі санаттағы жұмысшыларға сұранысы бар. Жауапты мекеме басшылары мен қызметкерлері келушілерге қызмет көрсетіп, қажетті ақпараттармен бөлісті. Тиісті міндеттемелерін айтып, қажетті құжаттар тізімін ұсынды.
Дәстүрлі шара барысында жұмыс іздеуші азаматтар ұсынылған жұмыс орындары бойынша жұмыспен қамтылды.

Алдыңғы жаңалық

ШЫНЫҚСАҢ - ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ

Келесі жаңалық

БИІКТІКТІ МҰРАТ ТҰТҚАН ЖАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі