el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бауыр керек өзіңдей — бауыр маған

20 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Бауыр керек өзіңдей  — бауыр маған
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кешегі өткен жастық
шақ көз алдымда,
Кішкентайымыздан
бірге өстік бір ауылда.
Доспыз біздер ажыра-
мастай сертке берік,
Мен өзіңе адал доспын,
жақын бауырда.
Жастық шағымыз
бастан өткен тәтті
еді,
Әлі есімде қызық
-қызық сәттері.
Өмір болған соң, болмайды емес- болады,
Ағаттық жасаған күндеріміздің әттеңі.
Әр күніміз қызық еді — әр күннен,
Жастық шақтың көрер ме едік-бал түнінен.
Бақытты шақ, жастық шақ өтті- ау бізден,
Сол күндеріміз өлшенбейді алтынмен.
Шырмаландық тірлік деген торға біз,
Қиындықты жеңіп шықтық жорға біз.
Қандай қиын кезеңдерде-достармыз,
Дәл осылай болмаушы ма еді — дос нағыз.
Өтіп жатыр кезегімен мезгіл дүркін,
Келер ме еді, жастық шақ қайта шіркін.
Артта қалды қызықты шақ амал қанша,
Алпыс деген досым ау үлкен бір шың.
Мен өзіңмен ешқашан санаспаймын,
Достығымызға берікпін ары аспаймын.
Ұл-қыздардан немере сүйдің досым -ау,
Бақыттысың-мен оған таласпаймын.
Бала-немере өміріңнің бар мәні,
Орындалды ата-аналар арманы.
Өздеріңді тілден-көзден сақтасын,
Әрқашан да қорғап аталар аруағы.
Көп-ақ сенің туған елге тигізген үлесің,
Мақтау айтса жымиып қана күлесің.
Достардың алдында абыройың жоғары,
Оны досым айтпасамда білесің.
Сенен асқан адал досты көрмедім,
Тек адалдық, шынайылық көргенім.
Қызметте де биіктерге төрледің,
Нағыз іскер, ел танитын ер ме едің?
Көңілі аппақ қабығындай қайыңның,
Бұл досымның ұққан жайын мендей кім!
Досқа адал, сөзге берік — Азамат,
Досым үшін бас тігуге дайынмын.
Сөзіңе берік ер екенсің ойың терең,
Өзіңді басқалардан артық көрем.
Жарты ғасыр сырлас дос болсақ дағы,
Бойыңнан артық қылық таппай келем.
Өкпем жоқ досым-ау саған менің,
Болған емес қылығың-жаман жерің.
Қуат берсін Аллам саған- жүз жасағын,
Адал достықтың сарқытын маған бердің.
Мінезің ашық, жарқынсың ұнатамын,
Бауырымсың-ұлдарымыз бір атаның.
Бүгінде егде тартқан жасымыз бар,
«Шүкір» -деп өзімді — өзім жұбатамын.
Жүрегің ашық жансың дауылдаған,
Дәл, осы мінезің ұнайды қабылдағам.
Өзіңдей дос-бауыр таба алмаспын,
Бауыр керек өзіңдей- бауыр маған.
Алпыстан астық, шашқа түсті ақ-самай,
Шаршамайық ширақ жүріп ақсамай.
Шырқатып бір ән салайық ортада,
Десін бізді қазіргінің қарттары-ай.
Досым ау! Бұл өмір әрі сынақ- әрі сын,
Сүрінбестен алдың жақсылардың алғысын.
«Әй асаба!»
Домбыраны берші күміс көмей әншіге,
Досыма арнап әдемі бір ән ұсын.
Ал досым, құр- бекерге күнді өткізбе,
Бейсекүлдің көңілін көтер жүндеткізбе.
Ортамызда ой салып жүре бергін,
Өзіңдей көш бастайтын ДОС керек бізге.
Болған емес істеріңнен кемдігің,
Зейнетке шықтың-немере бағу ендігің.
Пайғамбар жасына келдің досым ау,
Құттықтап келіп тұрмын мен бүгін.

Алдыңғы жаңалық

БИІКТІКТІ МҰРАТ ТҰТҚАН ЖАН

Келесі жаңалық

Мұраңыз мұрағат болып қалады...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі