Өткенде аудандық «Шамшырақ» газетінің бетінен ақын Әбдібек Аралбайұлының «Туған өлкем- Түлкібасым» деген өлеңін оқып, тебірендім. Әбекеңнің біздің отбасында өз қолымен істеген қымбатты біз үшін бір жәдігер бұйымы бар. Ол кәдімге ағаш бесік.
Мен 1992 жылы Пістелі ауылындағы Қылышбек атамның қызы Райсаға үйлендім. Таныстыра кетсем, Аяпбергенова Раиса көп жылдар бойы аудандық аурухананың зертханасында лобарант болып еңбек етеді. Өз ісінің маманы, ұжымына өте сыйлы жан. Жылда еңбегінің арқасында түрлі марапаттар алып жататын. Мінезі де жібектей байсалды еді. 1994 жылы келіншегім өмірге ат ұстар азаматымды өмірге әкелді. Қуанышымда шек болмады. Содан кейін әлгі атамыз !бекеңе немерем жататын бесікті істеуін өтініп, бұйымтай жасайды. Әбекең ауылдасының бұйымтайын жерге тастамай қуана келісе кетеді. Өйткені, Әбекеңнің қызы Дариямен Райса түйдей құрдас, құрбы болыпты. Ата-енем Әбдібек жасаған бесікке немерем жатсын деп бізге сыйға берді. Сол бесікте ұлым мен үш қызым тербелді. Балаларым өте зерек, білімді әрі ақылды болып ержетті, бойжетті. Сол үшін де Әбдібек көкеме айтар алғысым шексіз. Киелі бесік әлі күнге дейін ескіріп, тозбаған. Сол күйінде тұр десем де болады. Жиен немерелерім үйге келсе сол бесікке жатқызамыз. Нағыз ұстаның шеберлігі деп осыны айтарсың.
Қазаұта киелі бесіктен қадірлі, қасиетті не бар. Сол үшін де бесікті көз қарашығындай сақтап, Әбекеңнің көзі деп қарап жүремін. Тумақ бар жерде өлмек те барын түсінбейміз ғой. Тағдыр деген осы болар. Әбдібек көк, жатқан жеріңіз жайлы, Жаныңыз Жәннаттан болсын. Мол мұраңыз, көп ақылыңыз, жазған құнды өлең сөздеріңіз ұрпағыңыз барда өлмейді, өшпейді.