el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“ДАНА” КІТАП ДҮКЕНІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

14 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
“ДАНА” КІТАП ДҮКЕНІ  МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауданымызда осыдан 4 жыл бұрын «ДАНА» кітап дүкені ашылған болатын. Дана кітап дүкені ғана емес әрі оқу орталығы. Аталмыш оқу орталығының басты мақсаты ауданның кітап оқитын оқушыларын көбейту. Ұран смартфон орнына кітап ұстау. Оқушылардан кітап оқитын, ағылшын тілін меңгерген, ой өрісі кең, рухани бай, дені сау азаматтарды тәрбиелеп шығару. Даму сабағы еркін форматта өтетін оқу орталығында армандауды мақсат қоюды жоспар жазуды, оның маңыздылығы жайлы және оңай жету жолдарын да даму сабақтарында үйренеді.
Әр оқушының кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып жүрген, аудан жастарының дамуына үлес қосқаны үшін «ДАНА» оқу орталығын аудандық мәслихаттың депутаттары Оспан Көлбаев пен Ерік Құлжанбаев, Майлыкент ауылдық округініің әкімі Қайрат Ахметов арнайы құттықтап, Алғыс хатпен мараппаттады. Жұмыстарына сәттілік тілеп, жас буынды кітапқа баулу берулеріне тілек білдірді.
-Шындығында, қазір біреуді таңқалдыру қиын. Бірақ, біздің мақсатымыз- азаматтардың кітапқа деген қызығушылын арттыру. Өздеріңіз білесіздер, адамның кітапқа сүйіспеншілігі бала кезден оянады. Сондықтан, басымдықты балаларға бердік. Дүкеннің іші кішкентайлардың көңілінен шығатындығы анық, -дейді «Дана» оқу орталығының басшысы Дана Тулесова Амантайқызы.
Бұл ересектер мен балаларға арналған отандық және әлемдік әдебиеттің үздік үлгілері бар жаңа кітап дүкені. Оқу орталығында отандық және шетелдік баспалардың алуан түрі бар. Оқырмандар үшін көркем шығармалар, балалар әдебиеті, оқулықтар мен әдістемеліктер, ғылым мен бизнес, проза мен поэзия, шетел әдебиеті, психология туралы туындылар көпшілік назарына ұсынылған. Сондықтан мұндай форматтағы дүкен көпшіліктің кітапқа деген қызығушылығын арттырары анық.Келіп көріп, ішкі атмосферасын сезінсеңіздер болады.
Күн НҰРЫ.

Алдыңғы жаңалық

ҰСТАЗ - ЖАС ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ СӘУЛЕТКЕРІ

Келесі жаңалық

АРДЫҢ ЖҮГІН АРҚАЛАҒАН АЗАМАТ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі