el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“Таза Қазақстан”- жарқын болашаққа қадам

20 января, 2025
in Жаңалықтар
0
“Таза Қазақстан”- жарқын болашаққа қадам
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“Таза Қазақстан” акциясы – Қазақстанда экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өткізілетін ұлттық деңгейдегі экологиялық акция. Бұл бастамаға елдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері және тұрғындар мен мектеп оқушылары қатысуда.
Бұл акция қоршаған ортаға жанашырлық танытуды, экологиялық мәдениетті арттыруды және табиғатқа деген қамқорлықты күшейтуді көздейді. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында 2025 жылдың 14 қаңтар күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында контейнерлерге көшет тұқымдарын отырғызу іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында қорық қызметкерлері Жабағылы ауылында орналасқан Ә.Молдағұлова жалпы орта мектебінің оқушыларымен бірлесіп, боз арша және шырша тұқымдарын контейнерге отырғызды. Жалпы 150 дана боз арша, 150 дана шырша ағашының ұрықтары егілді. Оқушыларға тұқымдарды қалай егу, оларға қандай күтім жасау керектігі туралы түсіндірілді.
Бұл акция экологиялық таза ортаны қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Бұл шара қоршаған ортаны көгалдандыруға, ауа сапасын жақсартуға және қоғамда экологиялық сананы арттыруға ықпал етеді. Контейнерлерге отырғызылған көшеттер аудан және ауыл- аймақтарды көркейтіп, табиғатқа жақын болуға мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар табиғатты қорғау мен қалпына келтірудің тиімді тәсілі ретінде бүкіл Қазақстан бойынша және әлемнің көптеген елдерінде қолдау табуда. Алдағы уақытта да Ақсу-Жабағылы қорығы қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастырады.
“Таза Қазақстан” бұл – таза табиғат, жасыл экономика, жарқын болашақ!
Азиза УРМАНАЛИЕВА,
А”қсу-Жабағылы” мелекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің қызметкері.

Алдыңғы жаңалық

ТҮЛЕГІ ТҰЛҒАҒА АЙНАЛҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ

Келесі жаңалық

МАРХАБАТТАНУ ОРТАЛЫҒЫН АШУ ҚАЖЕТ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі