el-aina.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Денсаулық
  • СПОРТ
No Result
View All Result
el-aina.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАРХАБАТТАНУ ОРТАЛЫҒЫН АШУ ҚАЖЕТ

24 января, 2025
in Жаңалықтар
0
МАРХАБАТТАНУ ОРТАЛЫҒЫН АШУ ҚАЖЕТ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сонау Түлкібастан облыс орталығына көшіп келіп, балаларының бұғанасы қата бастаған тұста Махаңның:
«Қыздан, қалаған оқуыңа сырттай болса да түсіп алсаңшы! Бәлкім, басқа жұмысқа ауысқың келер?!» — деп айтқан кезде «Сіздердің жағдайларыңызды жасап отыруыма осы жұмысым қолайлы», − деп ыңғай бермей, өмірімді отбасының бақытына басы бүтін арнауды жөн санадым.
Әлі есімде… Махаң ауданда біраз жыл жұмыс істеп барып, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне қызметке ауысқан. «Балаларды жалдамалы пәтерден пәтерге көшіріп, сандалтпайын», − деп газеттен отбасымызға пәтер берілгенге дейін, бес жыл Шымкенттен қатынап жұмыс істеді. Дүйсенбіде, жұмысына кешікпеуді ойлап, таң алакеуімнен жолға шығады. Жұманың қою қараңғысында қайта қауышамыз. Сонда үлкен жолдың біздің үйге өкпе тұсында аялдама бар. Әрбір жарты сағат сайын ПАЗик автобусы тоқтап, жолаушыларын түсірген соң, жүрісін жалғастырып жататын. Сонда ауладағы ұшы-қиырсыз жұмыстарымды атқара жүріп, жұманың кешінде тоқтап өтіп жатқан автобустарға бар зейініммен құлақ түре жүруші едім. Сенесің бе, сонда мен Махаңның қай автобустан түскенін көліктің тоқтаған үнінен танитындай едім. «Осы жолғысынан түсті», − деймін өз-өзіме. Жеті-сегіз минуттан кейін жымия басып, кіріп келе жатады аулаға. Мүмкін, Алла солай сездіріп қойған шығар маған…
Уақыт деген — зымыран. Сол бір кездер сағынышқа айналып, Махаңның да өмірден өтіп кеткеніне екі жылдан асып қалыпты. Аллаға шүкіршілік, шәкірттері, жақын сыйласқан іні-бауырлары үнемі хабарласып, қолдау көрсетіп тұрады.
Енді міне, «Мархабат» деген журнал шығады екен деген жаңалықты естігенде жүрегім жарылардай қуандым. Қазақ әдебиеті бар кезде Махаңның шығармалары, әдебиеттегі ешкімге ұқсамайтын, өзіндік өрнегі бар соқпағы өлмейтінін, өшпейтінін білемін. Жаңа журнал сол жолды ары қарай жалғап, артында қалған мұраларын насихаттап, есімін жарқырата түсетініне сенімдімін.
Алла тағалам қолдасын. Сөздің реті келгенде айтуға тура келіп тұр, Махаңның шығармалары әлі зерттелер, ол үшін шырайлы Шымкентте немесе Түркістанда Мархабаттану орталығын ашу қажет сияқты. Бұл да алдағы күннің еншісінде жатқан тірлік екені анық. Алла тағалам сол күнге аман-есен жеткізсін.

Қыздаркүл ПЕРНЕБАЙҚЫЗЫ,
Мархабат Байғұттың
жан жары.

Алдыңғы жаңалық

“Таза Қазақстан”- жарқын болашаққа қадам

Келесі жаңалық

ТҰЛҒАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛСЕ...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"EL-AINA.KZ" ақпараттық агенттігі
050030, Түркістан қаласы
Меншік иесі "ИП" жеке кәсіпкері
el-aina@gmail.com

Privacy policy

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде el-aina.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Денсаулық

saraptimes.kz ақпарат агенттігі